«Олай деп айтпа». Байжанов Бишімбаевтың адвокаттарымен болған әңгімені айтып берді
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып бойынша қылмыстық істі қарауды жалғастыруда. Екінші айыпталушы – Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов сотқа қатысушылардың сұрақтарына жауап беруде. Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Байжановтан бұған дейін берген куәлігінде неліктен «қазіргідей Бишімбаев туралы жаман айтпағанын» түсіндіріп беруін сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сотталушының айтуынша, ол алғашында қорқып қалған.
"Бірінші күні куәлік бердім, шынымды айтсам, қорықтым. Екінші күні мені үұстаған менің адвокатым бар еді. Сол адвокат маған: "Оны айтпа, мынаны айтпа, олай деп айтпа" деумен болды. Желтоқсан айында "Мен бұл адвокаттың Бишімбаевтың адвокаттарымен сөйлескенін түсіндім. Сондықтан мен ол адвокаттың қызметінен бас тарттым. Осының бәрінен кейін мен тіпті сотталып кетсем де, шынайы куәлік беруге бел будым", - деп түсіндірді Бақытжан Байжанов.