“Өлімге итермелеген”: Ақмола облысында жаңа босанған әйел өзіне қол жұмсады
28 маусым 2025 11:39 / Новости Казахстана
Ақмола облысы Бұланды ауданына қарасты ауылдардың бірінде жас ана өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Марқұм жақында ғана босанған. Полицияның хабарлауынша, әйел үйде жалғыз қалған сәтін пайдаланып, ауладағы шаруашылық құрылыстарының бірінде өзіне қол салған. Оның денесін алғаш болып туыстары тауып алған.
Қазір бұл жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша іс қозғалды. Тергеушілер әйелдің мұндай қадамға баруына босанғаннан кейінгі күйзеліс себеп болды ма, әлде басқа психологиялық немесе әлеуметтік факторлар әсер етті ме — соны анықтап жатыр.
Көршілер мен таныстарының айтуынша, марқұм тұрған үйді ауылдастары тұрмысы түзу, ашық-жарқын отбасы ретінде білетін.
23 шілде 2026 17:47 / Новости Казахстана
Дәрігерлер 5-қабаттан құлаған баланың өмірін сақтап қалды
23 шілде 2026 16:18 / Новости Казахстана
Ұлттық банк елімізде қолдан ең көп жасалатын купюраны атады
23 шілде 2026 15:15 / Новости Казахстана
Түркістанда 3 млрд теңге бюджет ақшасын жымқырған 27 адам сотталды
23 шілде 2026 14:30 / Новости Казахстана
Республикалық маңызы бар жолдарда ауыр жүк көліктеріне қойылатын уақытша шектеу әлі күшінде
23 шілде 2026 13:15 / Новости Казахстана
Аида Балаева қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретінін мәлімдеді
23 шілде 2026 11:40 / Новости Казахстана