Оралдық әйел телефонына қосымша орнатамын деп 5 млн теңгесінен айырылды

24 ақпан 2026 14:33 / Новости Казахстана

Оралда тұрғыны кибералаяқтарға алданып 5 миллион теңгесінен айырылын қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

ІІМ мәліметінше, Орал қаласының тұрғынына белгісіз адамдар қоңырау шалып, SMS-кодты айтып беруін сұраған. SMS-кодты алған алаяқтар жәбірленушімен қайта байланысып, өздерін банк қызметкерлері және қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары ретінде таныстырған. Олар әйелдің атына несие рәсімделіп жатқанын хабарлаған. «Алаяқтықтың» алдвн алу үшін арнайы қосымшаны шұғыл түрде орнату қажет екенін айтқан.

 

«Қосымша жалған болып шыққан және алаяқтарға оның мобильді құрылғысына қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік берген. Телефонды бақылауға алған қаскөйлер 5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдаларына жаратқан», деп хабарлады полиция өкілдері. Бұл қылмыс бойынша тексеру жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары