Өскеменде 30 жастағы жігіт бір пәтерді 25 адамға сатып, 186 млн теңге табыс тапқан
28 тамыз 2026 12:20 / Новости Казахстана
Полиция мәліметінше, ол осылайша 2024 жылдың қарашасынан 2026 жылдың сәуіріне дейін әрекет еткен, деп хабарлайды Arbat.Media
Алдымен адамдарды өзіне қолма-қол ақша беруге және банк шотына ақша аударуға көндірген.
Кейін тұрғын үйді тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және басқа да төлемдер үшін қосымша шығындар қажет екенін айтып, жаңа талаптар қойған.
Жәбірленушілерді сендіру үшін пәтер жалдап, оны олардың болашақ баспанасы ретінде көрсеткен.
Алаяқтың әрекетінен облыстың 25 тұрғыны зардап шеккен.
Келтірілген жалпы шығын көлемі 186 445 000 теңгені құрады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
27 қараша 2026 10:30 / Новости Казахстана
Атыраулық хакерге қатысты сот үкімі шықты
27 қараша 2026 9:58 / Новости Казахстана
Арман Қырықбаев Эстонияның Мәдениет министрі Хейди Пургамен кездесті
26 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28,85 трлн теңгеге жетті
26 қараша 2026 17:41 / Новости Казахстана
Шымкентте жаздың жылуы, Астанада екпінді жел: Ертеңгі ауа райы болжамы
26 қараша 2026 16:32 / Новости Казахстана
Қазақстандағы Түркия елшілігінің құрылысына бөлінген 15 млн доллар жоғалып кетті
26 қараша 2026 15:44 / Новости Казахстана