Өскеменде кісі өлтіріп қашқандар Алматыда ұсталды
Алматыда адамды ұрлап, өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Биыл мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап өлтіріп кеткен екі адам ұсталды.
Арнай ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдастырған. Күдіктілерге маусым айында іздеу салынды. Оларға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҰҚК-мәліметінше, күдіктілердің жасырынуына көмектескен адам да жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
“Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қылмыстық кодекстің 432-бабына сәйкес, қылмыс пен қылмыскерлерді жасырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.”, - деп хабарлады ҰҚК.