Өскеменде саяжайдан мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды
Өскемен қаласының іргесіндегі саяжайдан мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қаланың бау-бақша қоғамдарының бірінде мәйіті табылған әйел адамды өлтірді деген күдіктіні ұстады. Оның өңірге басқа қаладан келгені анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«56 жастағы ер адам бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Еске салсақ, осыған дейін Өскемен іргесіндегі саяжайдан әйелдің мәйіті табылғаны хабарлаған.
Осыдан кейін қаладағы саяжайларды маньяк торуылдап жүргені жайлы жалған ақпарат тарап кетті.