Өскеменде заңсыз алтын өндіру ісі бойынша екі адам 4 жылға сотталды

7 қазан 2026 11:15 / Новости Казахстана

Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы директорының бұрынғы орынбасары А.А. Рахымжанов пен Д.М. Нұртазин Ұлан ауданындағы Шыбынды учаскесінде алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, заңсыз өндірілген алтынның көлемі 15 келіден асқан, құны 844 млн теңгеден жоғары. Сонымен қатар құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын мен 579 г күміс тәркіленген.

Заңсыз жұмыстар салдарынан 18,2 гектар жер бүлініп, қоршаған ортаға зиян келтірілген. Экологиялық залалды жоюға қажетті жұмыстардың құны 300 млн теңгеден асқан.

Сот шешімімен жалпы құны 372 млн теңге болатын мүлік, оның ішінде жүк көліктері, экскаваторлар, тиегіштер, гидрожуу құрылғысы және қолма-қол ақша тәркіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары