Оттықпен ойнап отырған үш жасар бала үйін өртеп жіберді
Ресейде балалардың отпен ойнауы ірі өртке ұласты: өртенген үйден төрт бала мен олардың аналары құтқарылды, деп хабарлайды Arbat.Media POLITICO.KZ сайтына сілтеп.
Оқиға Пригородная көшесінде орналасқан жекеменшік үйде болған. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден төрт баланы және олардың анасын шығарып үлгерген. Үйдің бір бөлмесі толығымен жанып кеткен.
Тексеру нәтижесінде, өрттің шығуына баланың отпен ойнауы себеп болғаны анықталды. Үш жасар бала үлкендердің қарауынсыз қалып, оттықпен ойнап жүріп, балалар бөлмесінде өрт бастаған. Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар қызметінің (ТЖМ) 10 маманы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Осыған ұқсас жағдай бұған дейін Удмуртияда да тіркелген еді: бала әжесінің үйіне қонаққа барған кезінде монша мен тауық қорасын өртеп жіберген.