Өзбекстан чемпионатында өнер көрсеткен боксшы Қазақстанға қоныс аударды
21 ақпан 2024 12:34 / Новости Казахстана
2023 жылғы Өзбекстан чемпионатында қола жүлде еншілеген қандасымыз Аман Қонысбеков Қазақстанға көшіп келді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы әлеуметтік желіде qandas_sportshilar арнасы хабарлады.
Аман Қонысбеков Өзбекстанның Навоий облысы, Зафарабад ауылында дүниеге келген. Көрші ел чемпионатында 71 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрді. Ол өткен жылы аталған салмақта Өзбекстан біріншілігінің жартылай сынында Асадходжа Муйдинходжаевты бірінші раундта нокдаунға түсіргенмен, финалға өте алмаған еді.
Боксшы Астанаға тұрақтаған. Алайда ол ел чемпионатында Түркістан облысының атынан сынға түсуі мүмкін.
Қазіргі уақытта Аман Қонысбеков еліміздің былғары қолғап шеберлерімен қатар Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.
20 қазан 2026 17:23 / Новости Казахстана
Еңбек министрлігі әл-ауқат калькуляторының неліктен істемей қалғанын түсіндірді
20 қазан 2026 16:16 / Новости Казахстана
Navai Қазақстаннан шығарылды: рэперге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
20 қазан 2026 15:27 / Новости Казахстана
Ауқатты отбасыларға да ақша төленеді: жаңа тәртіптің ерекшелігі қандай
20 қазан 2026 14:25 / Новости Казахстана
30 мың әскери қызметшінің несиесі кейінге шегерілді
20 қазан 2026 13:19 / Новости Казахстана
Елордада ер адам 11 жастағы баланы соққыға жыққан
20 қазан 2026 12:14 / Новости Казахстана