Парламент көші-қон туралы заңды қабылдады

23 сәуір 2024 8:23 / Новости Казахстана

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына Сенаттың жаңа редакцияда ұсынған жекелеген баптарымен келісті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті аталған заңның жекелеген баптарына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарап шығып келесіні атап өтеді, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Пенитенциарлық жүйе мекемелерінде бейнебақылау жүйелерін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылықтың енгізілуіне байланысты Сенат депутаттары осы норма қолданылатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін тергеу изоляторларымен және уақытша ұстау изоляторларымен толықтыруды ұсынды.

Сонымен қатар, Сенат депутаттары жазаның баламалы түрлерін болдырмайтын түзетулер мен нақтылау сипатындағы түзетулер ұсынды. Аталған өзгерістер мен толықтырулар Мәжілісі қабылдаған заңның тұжырымдамасын өзгертпейді.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жекелеген баптарына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісуді ұсынамыз. Қолдауларыңызды сұраймыз», - деді депутат.

Осылайша Мәжіліс депутаттары Сенаттың жаңа редакцияда ұсынған жекелеген баптарымен келісті.

 

Серіктес жаңалықтары