Павлодар облысында оқушылар онлайн оқуға көшірілді
Павлодар облысында қатты желдің салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылып, онлайнға ауыстырылды. 1-11 сынып оқушылары және колледжердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқып жатыр. Бүгін Павлодар қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы мектепалды, 1-11 сынып оқушыларының, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттердің сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Қаладағы температура - 1 градус, желдің күші секундына 14-25 метр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өңірлік білім беру басқармасынан хабарлағандай, сабақтардың қашықтан оқуға көшірілуі барлық аймақтарда байқалған, - деп жазады Kazinform агенттігі.
- «Қазгидромет» мекемесінің бекіткен параметрлеріне сәйкес, аудан-қалалар өздеріндегі сабақтарды онлайнға көшірді. Кейбір аумақта ол желдің жылдамдығы мен ауа температурасына байланысты бастауыш сыныптарға ғана қолданылды. Қазіргі уақытта өңірдегі барлық оқушылардың онлайн негізде білім алуына жағдай қарастырылған. Қажеттіліктеріне орай кейбір балалар компьютерлік техникамен қамтылған,-деп мәлімдеді басқармадан.