Павлодар облысында суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
8 шілде 2025 9:30 / Новости Казахстана
Павлодар облысында суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Екібастұз маңындағы Солнечный кентіне жақын орналасқан Шаңдықсор көлінде жүргізілген іздестіру жұмыстарын аяқтады.
«ТЖД құтқарушылары 2009 жылы туған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Ол 4 шілде күні Шаңдықсор көлінде тыйым салынған жерде шомылып жүріп суға батып кеткен», – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, жасөспірім 4 шілде күні жоғалып кеткен. Баланың тыйым салынған жерде шомылғаны айтылды. Іздеу жұмыстары қатты жел мен үлкен толқындарға байланысты қиынға соққан.
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана
Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды: полиция не дейді?
9 қараша 2026 15:35 / Новости Казахстана
Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударылған
9 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана