Павлодарда азық-түлік дүкені өртенді
9 қаңтар 2024 10:12 / Новости Казахстана
Өткен түнде Павлодар қаласындағы «Best et» дүкенінде өрт шығып, тілсіз жау ғимараттың 200 шаршы метр аумағын шарпып өткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform жариялады.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарланғандай, дүкеннің екінші қабатында жиһаздар, ағаш конструкциялар, бірінші және екінші қабаттар арасындағы төбелер, шатыр жанған.
«Оқиға орнында 48 адам мен 11 техника жұмыс істеді. Өрт туралы хабар сағат 04.00-де түссе, өрт сөндірушілер қызыл жалынды сағат 06:31-де ауыздықтаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады облыстық ТЖД.
«Best et» – Екінші Павлодар аумағында, Малайсары батыр және Елгин көшелері қиылысында орналасқан азық-түлік дүкені.
21 қазан 2026 17:16 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жұмысшы көз жұмды
21 қазан 2026 15:22 / Новости Казахстана
Астанада интернет-дүкеннің бес мүшесі ұсталды
21 қазан 2026 14:30 / Новости Казахстана
160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған
21 қазан 2026 13:22 / Новости Казахстана
113 келі есірткі тәркіленді: Алматыға есірткі тасымалдаған ағайындылар қолға түсті
21 қазан 2026 11:30 / Новости Казахстана
Мүгедектігі бар екі өгей қызына тиіскен ер адам сотталды
21 қазан 2026 10:25 / Новости Казахстана