Павлодарда колледж студентін ұрған педагог қызметінен босатылды
Павлодарда колледж студентін ұрған педагог қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Балалар құқығын қорғау комитеті:
Павлодар колледжінде мұғалім студентке қол көтерген. Оның видеосы әлеужеліге шығып, талқыланып жатыр. Балалар құқығын қорғау комитеті тәрбиелеудің мұндай әдісін қолдануға жол бермеу керек дейді. Білім беру мекемелері баланы қауіпсіз және сенімді оқыту орны болуы тиіс. Кез келген қоғамда баланың білім алуына құқығы мен қауіпсіздігі ең жоғары басымдық болуы тиіс.
Педагогтың бұл мінез-құлқы барлық көрсетілген нормаларға қайшы келеді. Бұндай қателікке жол берген мұғалім жұмыстан босатылды. Балалар құқығын қорғау комитеті білім беру мекемелерінде балалардың құқықтары мен қауіпсіздігінің сақталуын қадағалап, олардың мүдделерін қорғау жөнінде тиісті шара қабылданады.