Петропавлда Абылайханның туы көтерілді

4 маусым 2024 16:00 / Новости Казахстана

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Петропавлда үш жүздің басын қосқан Абылай ханның туы көтерілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің мәліметінше, Абылай ханның нақты туының бейнесі және нақты ақпарат сақталмаған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ол туралы деректер көп жыл бойы дискуссияда болып, талқыланды. Нәтижесінде биыл табылған тарихи деректерге сүйене отыра, Шоқан Уәлихановтың, белгілі тарихшы Құрбанғали Халидтің «Бес тарих» ғылыми еңбегіне сүйеніп, заманауи тарихшылардың және Түркістан қаласындағы Абылай жерленген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ғылыми қызметкерлерінің бірлесе талқылап, зерттеу жүргізу негізінде Абылай туының жинақты бейнесі бекітілді.

 

Осылайша Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде Тәуке, Есім хандардың туымен қатар Абылайдың туы орнатылды. Енді бұл туды Абылайхан резиденциясынан да келіп көруге болады.

«Жалпы, Жошы ханның ұрпақтары қызыл туды ұстаған. Кейін Шығайдың үлкен ұлы ақ ту ұстаған. Одан кейін Болат хан кезінде ұлдарына Әбілмәмбетке қызыл ту, Абылайға көк ту ұстатқан. Кейін Абылай хан болған кезінде осы үш түсті біріктіріп, ту қылып ұстады. Ту ортасында Шыңғысханнан тараған Шыңғыс төрелердің таңбасы бар, тудың артқы жағында Абылай мөрі бейнесі салынған», - дейді «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің бөлім басшысы Әлия Мәмбеталинова.

 

Серіктес жаңалықтары