Петропавлда бес қыз 14 жастағы құрбысын сабап кетті
Петропавлда бес қыз 14 жастағы құрбысын сабап кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қалада алты қыз бір құрбысын кезекпен ұрып, артынан ақша талап еткен. Жәбірленуші қарсылық көрсетпеген. Олар қыздан «касса» немесе «тағы да соққы таңда» деп қысым жасаған.
«Егер ақша әкелмесең... Туған күніңде бәрібір саған ақша береді. Сол ақшаны 10-ы күні әкелмесең, бәріміз жабылып сені сабаймыз», – дейді қыздардың бірі.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті оқиға 2024 жылдың 31 тамызындаболғанын растады. Алайда видео 2025 жылдың маусымында кең таралып, қоғам назарын аударған.
«Петропавл қаласында тұратын 14 жастағы қызға жүйелі түрде психологиялық және физикалық қысым жасалғаны анықталды. Бейнежазбалардағы көріністер нақты дәлел ретінде тіркелді», – делінген департамент мәлімдемесінде.
Нәтижесінде, 6 қыздың жеке басы анықталып, 2 жасөспірім мен 4 ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалған. Бұған қоса, бопсалау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.