Президент бірқатар отандасымызды арнайы төсбелгімен марапаттады
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар отандастарымыз марапатталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн:
- Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектеп мұғалімі Шнайдер Елизавета Александровна ІІ дәрежелі «Достық» орденімен;
- «Қазақстан украиндарының радасы» бірлестігінің төрағасы Тимощенко Юрий Евгениевич, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмадиев Мурат Абдуреимович, «Дустлик» Қазақстан өзбектерінің этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Халматович «Ел бірлігі» орденімен;
▪️ Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы Дураченко Николай Николаевич, Атырау қалалық №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Любина Татьяна Нестеровна «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
▪️Өскемен металлургия кешені Мырыш зауытының күйдірушісі Панасюк Сергей Александрович, Ұлытау облысы Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының аккомпаниаторы Побединский Аркадий Николаевич, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімше командирі Пономаренко Кирилл Алексеевич, Ақмола облысы Арайлы ауылы орта мектебінің мұғалімі Ирубаева Анастасия Валерьевна «Шапағат» медалімен;
▪️Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-эксперттік тобының төрағасы Краснобаева Нелли Леонидовна, Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» өкілдігінің төрағасы Урмашов Александр Николаевич, Жетісу облысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Усанова Руфина Касымовна Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.