Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

20 мамыр 2025 21:20 / Новости Казахстана

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Arbat.media.

Салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, елімізде жаңа театрлар салынатынын жеткізді. Құрылыс бизнесмендер есебінін жүргізілуі тиіс деді.

«Былтырдың өзінде 45 жаңа мәдениет нысаны салынды. Бұл жұмыс болашақта да жалғасын табады. Театрлардың көпшілігі толық жаңғыртуды қажет етеді. Кейбіріне жаңа ғимарат керек. Осы жұмысқа кәсіпкерлер мен меценаттарды жұмылдырған абзал. Бұл – әлемде кең таралған тәжірибе. Мұндай жобаларға инвестиция салуға дайын азаматтар аз емес. Мен бизнес өкілдерін руханиятымызды дамыту ісіне атсалысуға шақырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Президент бірқатар мәдени ордаға академиялық мәртебе беруді ұсынды.

«Осы орайда Бикен Римова атындағы қазақ драма театрына, Алматы қаласындағы Мемлекеттік қуыршақ театрына және Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармонияға академиялық мәртебе беру қажет деп санаймын. Бұл қадам мәдениет мекемелерінің жұмысына тың серпін берері сөзсіз», – деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары