Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұрады
«Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекен Перизат Қайратты 10 жылға, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Айыптау ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша тағылған:
• 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ — Өте ірі мөлшердегі алаяқтық
• 218-бап, 2-бөлім, 1-тармақ — Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастыру
• 218-бап, 3-бөлім, 3-тармақ — Өте ірі мөлшерде заңсыз жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастыру.
Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушылар сотталушылардан қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеуді талап етті. Қаражат жәбірленушілерге қайта беріледі.