Қайрат Боранбаев 1,4 млрд теңгелік қонақ үйін мемлекетке қайтарады
16 қазан 2023 15:00 / Новости Казахстана
Қайрат Боранбаев мемлекетке жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін қайтаратын болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі жариялады.
Қ.Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді.
Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды әлеуметтік мақсатта демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыру үшін пайдалану жоспарлануда.
20 қараша 2026 18:07 / Новости Казахстана
Таразда ашылғанына бір ай толмай бүлінген мемориал қайта қалпына келтірілді
20 қараша 2026 16:35 / Новости Казахстана
Тоқаев: Қазақстанда жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салынады
20 қараша 2026 15:28 / Новости Казахстана
Алматы әлемдегі ең үздік 20 туристік бағыттың қатарына енді
20 қараша 2026 14:28 / Новости Казахстана
Әкім орынбасары темекі шегіп, түкіргені үшін айыппұл арқалады
20 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті
20 қараша 2026 12:25 / Новости Казахстана