Қалың қар, боран, тұман: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
24-26 қарашада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 24 қарашада шығысында, сондай-ақ 24 және 26 қарашада Қарағанды облысында қар жауады. Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.
24 қарашада шығыс пен оңтүстік-шығыста қалың қар жауып, боран соғады. Республика бойынша тұман түседі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 1–8 градус аяз күтіледі.
Өңірлер бойынша ауа температурасы:
Батыста: Күндіз +11…+18°С;
Солтүстікте: түнде ауа температурасы −4…−10°С-тан 0…+5°С-қа дейін жоғарылайды. Күндіз +2…+7°С-тан +6…+11°С-қа дейін құбылады;Орталықта: түнде −2…−10°С, күндіз 0…+5°С-тан +5…+12°С-қа дейін біртіндеп жылынады;Шығыста: түнде −5…−10°С, таулы аудандарда −13…−18°С. Күндіз −5…+5°С;
Оңтүстікте: күндіз +8…+15°С-қа дейін жоғарылайды. Таулы аудандарда −1…−6°С болады.