Қанат Айтбаев жалғыз қызына ән арнады
6 қазан 2026 12:30 / Новости Казахстана
Қазақстандық өнер иесі, композитор әрі продюсер Қанат Айтбаев жалғыз қызы Раушанға арнап жаңа ән шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Димаш Құдайбергеннің әкесі перзентіне деген әкелік ақ тілегін «Бақ сүйсін маңдайыңнан!» атты туынды арқылы жеткізген.
Әннің әуенін Қанат Айтбаевтың өзі жазса, сөзінің авторы -ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы.
Жаңа туындыға арнайы бейнебаян да түсірілген. YouTube желісінде жарық көрген клипке Раушанның қыз ұзату тойындағы әсерлі әрі естелікке толы кадрлар енгізілген. Бейнебаяннан әке мен қыз арасындағы ерекше жылылық пен қимастық сезімі анық байқалады.
Желі қолданушылары да жаңа әнге жылы лебіздерін білдіріп, туындының әкелік махаббат пен шынайы сезімге толы екенін атап өтті.
6 қазан 2026 12:30 / Новости Казахстана
Қанат Айтбаев жалғыз қызына ән арнады
6 қазан 2026 11:10 / Новости Казахстана
Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия алғашқы нәтижені жариялады
6 қазан 2026 10:20 / Новости Казахстана
Әйелін ит қапқан: Ақмола облысында жануарды балтамен өлтірген ер адамға үкім шықты
6 қазан 2026 9:33 / Новости Казахстана
6 қазанға арналған ауа райы болжамы
5 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Оралда мас күйде дәрігермен жанжалдасқан әйел сотқа тартылды
5 қазан 2026 17:20 / Новости Казахстана