Қарағанды облысында “банк қызметкері” 200 млн теңге қаржы жымқырған

16 шілде 2025 16:39 / Новости Казахстана

Қарағанды облысында өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел 200 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы 31 жастағы әйелге қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактілері бойынша тергеуді аяқтап жатыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті бір жарым жыл бойы өзін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға несиелерін мерзімінен бұрын жабуға көмектесемін деп уәде берген. Алайда бұл уәделердің астарында алаяқтық схема тұрғаны анықталды. Әйел адам тұрғындардың сеніміне кіріп, жалған қызмет ұсыну арқылы олардың атынан екінші деңгейлі банктерден бірнеше несие рәсімдеген.

Нәтижесінде 98 эпизод бойынша алаяқтық дерегі тіркеліп, келтірілген жалпы шығын көлемі 200 миллион теңгеден асып кеткен.

Серіктес жаңалықтары