“Қаржаубай қамалсын!”: Шерзатты өлтіргендердің ата-анасы Тоқаевтан көмек сұрады
Шерзат Полатты өлтірген сотталғандардың ата-анасы мен қоғам белсендісі Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Stan.kz ақпаратына сүйенсек, Шерзат Полаттың қазасы бойынша сотталғандардың ата-анасы құзырлы органдарға жүгінді. Олардың айтуынша, бұл іс бойынша айыпталушылардың бәрі сотталған жоқ. Жәбірленуші тарап та жауапқа тартылуы керек дегеннен танбай отыр.
Олардың айтуынша, марқұмның отбасы өз мақсатына жету үшін түрлі құралдарды, әлеуметтік желілерді, тыйым салынған психологиялық әдістерді қолданыпты. Сондай-ақ арандатушылық әрекеттерге барған екен.
Үндеуде айтылған сөзге сүйенсек, Қаржаубай полиция қызметкерлерін пышақпен қорқытып, көлігіне зақым келтірген. Ал оның қарындасы полицейді күрекпен ұрған. Олардың туысы Бақыт Реймова халықты тәртіпсіздікке шақырып, Тоқаевты балағаттапты.