Қаржы министрі қызметкерлерге жаңажылдық сыйақы беру тәртібін түсіндірді
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аталған министрлік қызметкерлері қанша теңге мөлшерінде жаңажылдық сыйақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қаржы министрлігінің қызметкерлері биыл үш-төрт жалақы көлемінде жаңажылдық сыйақы алуы мүмкін. Бұл туралы Ерұлан Жамаубаев мәжіліс отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап беру аясында айтты.
«Біздің министрлікте өңірлер бөлек алады, орталық аппарат - бөлек. Менің ойымша, 3-4 жалақы мөлшерінде сыйлықақы бөлінген шығар», деді Ерұлан Жамаубаев.
Сондай-ақ вице-министр қызметкерлерге жаңа жылдық сыйақы беру тәртібін түсіндірді.
«Барлық іс-шарадан кейін – сатып алу, жалақы төлеу - әрбір мемлекеттік органда қандай да бір үнемделген қаржы қалады. Заңда қарастырылған, егер аз мөлшерде үнемделген қаржы болса, оны сыйақы түрінде бере алады. Бұл қызметкерлер арасында жай ғана бөліне салмайды, сыйақы мөлшерін анықтау және бұл сыйлықақыларды беру ережелері бар. Ерекше жұмыстар, күрделі жұмыстар, жұмыстан тыс уақыттағы қызметі үшін. Сондықтан мұның бәрі заң бойынша – әрбір мемлекеттік орган дербес бөледі», деді Қаржы министрі.