Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды

28 қазан 2024 16:55 / Новости Казахстана
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған дейін 28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен баратынын хабарладық.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

Мыңдаған жылдарға созылған тарихи байланысы бар екі халықтың қазір түрлі саладағы қарым-қатынасы жақсы деңгейде.

Екі ел басшысының кезекті кездесуінде саяси және экономикалық байланыстарды нығайту жайы талқыланып, бірқатар келіссөз өтуі мүмкін екені хабарланды.

Серіктес жаңалықтары