Қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау көрсетіледі

28 қазан 2023 15:58 / Новости Казахстана

Костенко шахтасындағы өрттен қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен мәлім етті.

Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады. Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады», - делінген комитеттің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Қарағанды облыстық білім басқармасының жанынан қаза тапқан және зардап шеккендердің балаларына көмек көрсету үшін Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасының, Қарағанды облысының Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілінің, мектептердің, әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың өкілдерінен тұратын мобильдік топ құрылды.

Мобильді топ жұмысының аясында балалардың тізімдері қалыптастырылуда. Қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларынан шыққан балаларға жан-жақты психологиялық көмек көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары