Қазанда қазақтың ұлы ақыны хәкім Абайдың ескерткіші ашылды

25 қазан 2024 13:00 / Новости Казахстана
ФОТО: КТК

Татарстан астанасында Қазақтың ұлы ақыны хәкім Абайдың ескерткіші ашылды. Мүсінді Қазақстан тарапы сыйға тартқан. Іс-шара Қасым-Жомарт Тоқаевтың БРИКС саммитіне іссапары аясында өткізілді. Жаңа ескерткіш Назарбаев пен Качалов көшелерінің қиылысында орнатылған. Қола бюст авторы — Нұрбол Қалиев. Оның биіктігі тұғырымен есептегенде үш жарым метр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ескерткіштің ашылуына еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Қазандағы Қазақстан елшілігінің өкілдері, сондай-ақ Татарстанның мәдениет министрі қатысты, деп жазады КТК телеарнасы.

Алты жыл бұрын дәл осы жерге Қазақстан тарапынан сыйға берілген «Тайқазан» қойылған еді.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

– Бұл екі ел арасындағы достықтың, өзара түсіністік пен рухани туыстықтың дәлелі. Ашылудың өзі БРИКС мемлекеттері ынтымақтастығы саммиті аясында өтіп жатқанының өзі іс-шараға ерекше сипат беріп тұр. Бұдан өзара мәдени байланыс нығайып, одан әрі тереңдей түсері сөзсіз.

Серіктес жаңалықтары