Қазақстан әскери қуаты бойынша әлемдік рейтингіде 63-орында тұр

23 сәуір 2024 15:34 / Новости Казахстана

Аталған рейтингте 145 елдің әскери қуаты көрсетілген. ТМД елдері ішінде Қазақстан Ресей, Украина, Белорусь, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен төмен тұр, ал Түркіменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова елдері соңғы сатыда қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Finprom.kz сараптамасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секторындағы инвестициялар екі еседен астам өскен.

Global Firepower сарапшылары ұсынған дерекке қарағанда, әскери қуат деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 63-орында тұр.

Рейтинг сарапшылары 60 түрлі факторды, оның ішінде мемлекеттің қорғанысқа жұмсалатын шығындар деңгейін, техникалар және жабдықтар арсеналын, армия санын, танктер, корабльдер мен ұшақтар санын, армияның жауынгерлік қабілеттілігіне әсер ететін ресурстарын бағалады.

Бұл ретте ядролық қару факторы ескерілмеген.

ТМД елдерінің ішінде Ресей қорғанысқа 82,6 млрд доллар, Украина 30 млрд доллар, Әзербайжан 3,1 млрд доллар жұмсайды. Бұл ретте Беларусь пен Өзбекстандағы бюджет Қазақстанға қарағанда бірнеше есе төмен болды.

Global Firepower сарапшыларының мәліметінше, Қазақстан авиациясында 237 ұшу аппараты бар: 75 жауынгерлік тікұшақ, ал ұшақтар арасында – 39 шабуылшы, 81 жойғыш, 17 көлік және 25 оқу ұшағы. Еліміздің құрлық әскерлерінде 300 танк, 5,2 мың жауынгерлік броньды машина, 246 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, 456 бірлік сүйретілетін артиллерия және 407 реактивті дүркін атыс жүйесі бар.

Әскери персоналдың жалпы саны 77 мың адамды құрайды, оның ішінде 45 мың адам – әрекет етуші әскери, 32 мың адам әскерилендірілген құралымдарға жатады.

 

 

Серіктес жаңалықтары