Қазақстан ИКАО-да Тұрақты өкілдігін ашты

27 тамыз 2024 12:30 / Новости Казахстана
Фото: ҚР Көлік министрлігі

2024 жылдың 26 тамызында Монреаль қаласында (Канада) ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың, ИКАО Кеңесінің Президенті, ИКАО Бас хатшысы және ИКАО-ға мүше елдердің авиациялық билік басшыларының қатысуымен ИКАО-да Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі ашылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

ИКАО (Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы) – Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі. Оның құрамына 193 ел кіреді. Ұйым Азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын айқындайды және ұшу қауіпсіздігін арттыру аясында жұмыс атқарады. Қазақстан – ИКАО-да Тұрақты өкілдігі бар Орталық Азиядағы алғашқы ел. Еліміздің ИКАО-да Тұрақты өкілдігінің болуы азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту және ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұйыммен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары