Қазақстан КҚК-ға шабуылдың салдарынан 480 мың тонна мұнайын жоғалтты

11 желтоқсан 2025 21:39 / Новости Казахстана

11 желтоқсанда Астанада энергетика министрі Ерлан Ақкенженов журналистерге 480 мың тонна мұнайын жоғалтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

“Каспий құбыр консорциумына шабуылдың өндіріске әсер еткені сөзсіз. Қазіргі кезде шығын көлемі – 480 мың тонна" - деді Ақкенженов.

Оның сөзінше, мұнай өндіру жоспары соған қарамастан орындалмақ.

Министрдің айтуынша, бұған дейін жөндеуде болған үшінші айлақ қондырғысы 15 желтоқсанға дейін іске қосылады. Ал дрон шабуылының салдарынан бұзылған айлақ қондырғысының жүзгіштігі қалпына келтіріліп жатыр, әзірге оның жарамдылығына қатысты шешім қабылданбаған.

"Тым қатты бүлінген, үш те екі жарым метрлік шұңқыр бар, өте үлкен" - деді министр.

Ол сонымен бірге Қазақстан Каспий құбыр консорциумынан бас тартпайтынын, оған "балама" бағыт жоқ екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары