Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
3 желтоқсан 2023 3:13 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит (СОР28) аясында Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекет басшысының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жел электр станциясын (1 ГВт) салу жобасын жүзеге асыру туралы Үкіметаралық келісім;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі, «Ақтас Энерджи» ЖШС мен TotalEnergies компаниясы арасындағы «Жамбыл облысы Мирный кенті аумағында қуаты 300 мегаватт/600 мегаватт-сағат болатын энергия жинақтаушы аккумуляторлық жүйені пайдалана отырып, жалпы қуаты 1 ГВт жел энергиясын пайдаланатын электр станциясын әзірлеу, салу және пайдалануға беру» жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ мен Біріккен Араб Әмірліктері Инвестициялар министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетиканы дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- Qazaqstan Investment Corporation компаниясы мен ADQ арасындағы стратегиялық серіктестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен ACWA Power компаниясы арасындағы энергия жинақтау жүйесі арқылы жиынтық қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісім;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен Presight.AI компаниясы арасындағы цифрландыру және ақпараттық технология саласындағы жобаларды іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен AD Ports Group компаниясы арасындағы Қазақстанда кеме жөндеу және кеме жасау кәсіпорнын құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Abu Dhabi Ports Group компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «SAFC» ЖШС мен SEFE Marketing & Trading компаниясы арасындағы орман-климаттық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Emirates Nuclear Energy Corporation компаниясы арасындағы табиғи уран концентраттарын тасымалдау туралы келісім.
21 қазан 2026 17:16 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жұмысшы көз жұмды
21 қазан 2026 15:22 / Новости Казахстана
Астанада интернет-дүкеннің бес мүшесі ұсталды
21 қазан 2026 14:30 / Новости Казахстана
160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған
21 қазан 2026 13:22 / Новости Казахстана
113 келі есірткі тәркіленді: Алматыға есірткі тасымалдаған ағайындылар қолға түсті
21 қазан 2026 11:30 / Новости Казахстана
Мүгедектігі бар екі өгей қызына тиіскен ер адам сотталды
21 қазан 2026 10:25 / Новости Казахстана