Қазақстанда «111» байланыс желісі іске қосылады

4 қыркүйек 2024 14:34 / Новости Казахстана
Фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму министрі «Отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі 111 байланыс орталығын анықтау туралы» бұйрықты бекітті. 2024 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енетін бұйрыққа сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы байланыс орталығы болып белгіленген. 111 байланыс орталығы ақпараттық технологиялар саласындағы уәкілетті орган белгілейтін заңды тұлға болып саналады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұйрық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын іске асыру аясында қабылдандыдеп хабарлайды Egemen.kz

Бұл заңмен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, оның ішінде «111» байланыс орталығы ұғымы енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары