Қазақстанда бір айда 125 жемқорлық қылмысы тіркелді

8 шілде 2026 10:20 / Новости Казахстана

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі маусым айындағы жемқорлық қылмыстары бойынша қорытынды жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ведомство мәліметінше, маусым айында 125 жемқорлық дерегі тіркелген. Оның ішінде:

97 парақорлық,

9 алаяқтық,

8 қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану,

7 жымқыру,

3 қызметтік жалғандық жасау,

1 билікті асыра пайдалану фактісі анықталған.

Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылған. ҰҚК мәліметінше, 149 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданған.

Аяқталған істер бойынша келтірілген залал көлемі 4,7 млрд теңгені құраған. Оның 2,1 млрд теңгесі мемлекет бюджетіне өндіріліп, 971,4 млн теңге тұратын мүлікке тыйым салынды.

Сондай-ақ, 2026 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында ҰҚК қызметкерлері 317 жемқорлық құқық бұзушылығын тіркеген. Осы кезеңде 226 азамат қылмыстық істер бойынша күдікті деп танылған.

 

Серіктес жаңалықтары