Қазақстанда кімдер тісін тегін емдете алады?
4 мамыр 2024 15:12 / Новости Казахстана
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негізінде ел азаматтары тісін тегін емдете алады. Ол үшін тұрғын шартта көрсетілген санаттың біріне сай келу керек, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
МӘМС арқылы тісін тегін емдете алатын азаматтар санаты:
- Балалар; (Шұғыл жағдайда 18 жасқа дейінгі балалар)
- Жүкті әйелдер;
- Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері;
- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
- Атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен зейнеткерлер;
- Жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар;
- Ерекше баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар жоспарлы стоматологиялық көмекті ақысыз ала алады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен көрсетілетін стоматологиялық емдеу шаралары бекітілген. Олар:
- Тұрақты тексерулер, профилактикалық процедуралар, тісжегіні емдеу, химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу.
Аталған жүйе бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 6-12 жас аралығындағы балалар ортодонтиялық емді де ақысыз түрде алуға мүмкіндігі бар.
4 қыркүйек 2026 18:16 / Новости Казахстана
Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды
4 қыркүйек 2026 17:37 / Новости Казахстана
Бекболат Тілеухан Ерлан Қаринді жаңа қызметімен құттықтады
4 қыркүйек 2026 16:18 / Новости Казахстана
Алматы паркингіндегі өрттен 100-ге жуық тұрғын түнде эвакуацияланды
4 қыркүйек 2026 15:27 / Новости Казахстана
Орал маңындағы қосалқы станцияда 10 жастағы бала тоққа түсіп, қаза тапты
4 қыркүйек 2026 13:03 / Новости Казахстана
Ақмола облысында 50 млн теңге субсидияны жымқыру дерегі тергеліп жатыр
4 қыркүйек 2026 12:20 / Новости Казахстана