Қазақстандық тревел-блогер әлемдік WIBA Awards сыйлығын жеңіп алды
25 мамыр 2026 11:20 / Новости Казахстана
Қазақстандық видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим WIBA Awards 2026 халықаралық сыйлығының «Әлемнің үздік тревел-блогері» аталымы бойынша жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Марапаттау рәсімі Францияда, Канн кинофестивалі аясында ұйымдастырылған шаралардың бірінде өтті.
Дастан қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, салтанатты кештен видеолар жариялады. Осылайша қазақстандық блогердің есімі әлемге танымал инфлюенсерлермен қатар аталды.
WIBA Awards – халықаралық деңгейде танылған контент авторларын марапаттайтын беделді сыйлықтардың бірі. Бұл марапат digital-индустрияға ықпал етіп, аудитория назарын аудара алған авторларға табысталады.
7 қазан 2026 18:33 / Новости Казахстана
БАӘ-ден іздеуде жүрген үш қазақстандық елге жеткізілді
7 қазан 2026 17:17 / Новости Казахстана
Балаларды әлеуметтік желіден шектеу қалай реттелетін болады
7 қазан 2026 16:25 / Новости Казахстана
Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты сырын бөлісті
7 қазан 2026 15:11 / Новости Казахстана
ТЖМ ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
7 қазан 2026 14:30 / Новости Казахстана
ДСМ: Иркутскідегі оба ауруы бақылауда
7 қазан 2026 13:17 / Новости Казахстана