Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 қараша 2025 9:33 / Новости Казахстана

"Қазгидромет" РМК 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде күн райы бұзылып, көктайғақ пен қатты жел болатынын хабарлады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді.

17 қарашада Қызылорда облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қөқтайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, Павлодар облысының солтүстігінде, көктайғақ болады.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары