Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай еліміздің 15 облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астанада 13 қарашада тұман, көктайғақ болады.
Абай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 25 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 25 м/с-қа дейін жетеді.
13-15 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады.
Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының орталығында, шығысында нөсер жаңбыр, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың шығысында, таулы аудандарда батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман және орталығында тұман түседі.
Түнде Ұлытау облысының шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында тұман болады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді.