«Қазгидромет»: Су тасқынының екінші толқыны қаупі бар өңірлер

15 сәуір 2024 11:00 / Новости Казахстана

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова су тасқынының екінші толқыны қаупі бар өңірлерді атады. Шығыс Қазақстан облысында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі әдетте жазық өзендерден кейін өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ақмола облысындағы салалар бойынша Есіл өзені суының түсуінен (Жабай, Қалқұтан) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында, Батыс Қазақстан облысында – Ресей аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуінен, Атырау облысының аумағында – Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуінен су тасқыны қаупі туындап отыр. Ақмола облысындағы Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны үдеді, бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда», - деді спикер.

 

Серіктес жаңалықтары