Қоқысты ЖИ арқылы «тазалаған» қызметкер жұмыстан қуылды

10 маусым 2026 17:28 / Новости Казахстана

Алматы қаласында ерекше жағдай тіркелді. Бостандық аудан әкімдігінде жұмыс істеген қызметкердің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға әлеуметтік желіден бастау алған. Қызметкер аумақты тазалау жұмыстары туралы фотосурет жариялаған. Алайда кейін бұл суретке платформаның өзі «жасанды интеллект көмегімен өңделген немесе жасалған контент» деген белгі қойған.

Осы белгі желі қолданушыларының назарын аудартты. Пайдаланушылар суретті жан-жақты талдап, оның шынайылығына күмән келтірген. Нәтижесінде фотосуреттің ЖИ арқылы өңделгені жөнінде пікірлер күшейген.

Кейін қызметкер жағдайды өзі түсіндіріп, әрекетін мойындаған. Осыдан соң ол жұмыстан босатылғаны белгілі болды.

Әкімдік тарапынан қосымша тексеріс жүргізілмеген, себебі қызметкердің өзі түсініктеме берген.

Серіктес жаңалықтары