Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Қостанай облысында ит қауып алғандардың дені балалар мен жасөспірімдер. Бұл туралы Облыстық СЭС департаменті 1700-ден астам ит қауып алу жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Оның 879-ы қаңғыбас иттер. Сондай-ақ, облыстың 710 тұрғыны мысықтан, 8-і жылқыдан, 11-і ірі қарадан, 108-і жабайы жануарлардан зардап шекті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Зардап шеккендердің 1096-сы жедел жәрдемге қауіпті жағдайда (бас, бет, мойын, саусақтар мен қолдар) жүгінген, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды. Зардап шеккендерге құтырмаға қарсы екпемен шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Қостанай облысында құтырма ауруы соңғы рет 2015 жылы тіркелген. Бұған дейін Қостанайда қаңғыбас иттерді аулау және зарарсыздандыру бағдарламасы қайта қолға алынғаны айтылған.