Қостанайда мас жүргізуші жол апатына ұшырап, оқиға орнынан қашпақ болды
27 шілде 2025 14:00 / Новости Казахстана
Қостанай қаласында TANK 300 автокөлігін мас күйде басқарған 57 жастағы азамат жол апатына себеп болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға 26 шілдеге қараған түні болған. Жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан материалдық шығын келтіріліп, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан.
Тексеру барысында оның орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Куәгерлер көліктің жолда теңселіп жүргенін GTA ойынындағы жағдайлармен салыстырған.
Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізуші айықтырғышқа жеткізіліп, іс сотқа жолданды.
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана
10 қарашада ауа райы қандай болады?
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана
Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды: полиция не дейді?
9 қараша 2026 15:35 / Новости Казахстана