Қостанайда қайын әпкелері келініне зорлық-зомбылық көрсеткен

24 тамыз 2026 18:23 / Новости Казахстана

Қостанайда әйелдің бірнеше туысынан зорлық-зомбылық көргені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның айтуынша, бүгін орталыққа зорлық-зомбылыққа тап болған бірнеше адам хабарласып, көмек сұраған. Солардың қатарында әлеуметтік желіде жылап, көмек сұраған әйел де болған.

Әйел сол күні полицияға арыз жазған.

Жәбірленушінің айтуынша, оған қайын әпкелері күш көрсеткен. Ол бұған дейін де зорлық-зомбылыққа байланысты полицияға хабарласып, арыз жазғанын, алайда полиция қызметкерлері келмегенін және арызы қабылданбағанын айтқан.

Бұл жолғы жанжалдың себебі әйелдің жуылған киімдерін үйінің алдына жайып қоюынан басталғаны айтылады. Әйелдің сөзінше, осыдан кейін бірнеше қайын әпкесі оның үйіне келіп, терезесін сындырып, жанжал шығарған.

Серіктес жаңалықтары