Қостанайдағы айықтыру орталығында науқасты тепкен санитар қамалып кетті
Қостанай қаласы №2 сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша айықтыру орталығының санитарына үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Осы жылдың шілде айында Қостанай қаласындағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының палатасында санитар қарт кісіні теуіп, ауыр соқшылар жасаған.
Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы санитарға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 10 жылға науқастарға күтім жасауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші мен оның өкілі қатаң жаза тағайындауды сұраса, сотталушы кінәсін мойындамай, қылмыс құрамы болмағанын айтты.
Сот санитарды 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ, ол 5 жыл мерзімге науқастарға күтім жасауға байланысты қызметпен айналыса алмайды.