«Құдағиларыма жаманын жасырасыздар дедім»: Алтынай Жорабаева қыздары жайлы айтты

4 мамыр 2026 15:21 / Новости Казахстана

Әнші Алтынай Жорабаева қызының ұзату тойына дайындалып жатқанын айтып, балаларының тәрбесі туралы сөз етті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өнер иесі сондай-ақ болашақ құдаларына қойған талабы туралы да мәлім етті.

«Қыз ұзатайын деп отырмын. Қыз берген оңайырақ сияқты. Болашақ құдағиларыма кездескенде «менің барынша берген тәрбиемді арықарай алып кетесіздер! Жақсысын асырасыздар, жаманын жасырасыздар» деп айттым.

Көпшілік менің үйде банка жауып жүргенімді көріп, қыздарым да пысық шығар деп ойлайды екен.

Жоқ қыздарым тура мен сияқты емес. Қызымды сұрағандарға «үйіңе барып, банка жауып береді деп күтіп отырасыз ба» деймін. Жоқ. Маған да әке-шешем ештене үйреткен жоқ. Олар өздері жауып жүрді. Ал біз оларға бой түзеп, іліп алып кеттік. Тұрмысқа шыққаннан кейін, автоматты түрде істеп кеттік. Менен туған қыздар алғыр болады деп ойлаймын. Өзім де байқаймын.

Айнарам да қолынан келмейтін нарсесі жоқ. Сондықтан көңілім орнында», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары