Құлсарыда жастар төбелесіп, 23 адам ұсталды

6 қыркүйек 2023 13:37 / Новости Казахстана

Атыраудың Құлсары қаласында жаппай төбелес болып, 23 адам ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жылыой ауданының орталығы Құлсарыда  жастар топтасып төбелескен. Арасында сегіз жасөспірім бар.

«Жау келгендей елдің берекетін жастар алып жүр. Видеоға түсіргендер көпқабатты үйдің төбесінде отырған сияқты. Біздің тәртіп сақшылар қайда?», - деп жазыпты әлеужелі қолданушысы.

Төбелестің болғанын Атырау облысы ПД баспасөз қызметі растады.

«Кеше, 5 қыркүйекте түнгі сағат 22:20 шамасында Құлсары қаласындағы көпқабатты үйдің жанында біп топ адамның төбелескені анықталды. Жергілікті полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде барлық қатысушы ұсталды. Аудандық полиция бөліміне төбелеске қатысы бар 23 адам жеткізілді. Оның ішінде 8 жасөспірім бар.

Тергеу басталды. Төбелестен дене жарақатын алғандар мен ауруханаға жеткізілген жәбірленушілер жоқ», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметінен.

Автор
Серіктес жаңалықтары