Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қандай?

31 мамыр 2025 11:35 / Новости Казахстана

Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

“Бастапқы медициналық тексеру мен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда. Қазіргі жағдайда ауыр реанимациялық науқас жоқ. Ауруханаға жатқызылған 7 науқастың жағдайы — орташа ауыр, 3 пациенттікі — тұрақты” деп хабарлады басқарма өкілдері.

30 мамырда кешке Құлсарыдағы жанармай бекетінде жарылыс болып, екі адам қаза болған. 14 адам зардап шеккен. Orda-ның жазуынша, жанармай бекетінде кезекшілікте болған ерлі-зайыпты қаза болған. Өрт кезінде ер адам цистерна ішінде, ал әйел адам бекеттің артында болған.

Серіктес жаңалықтары