Құлсарылық 146 бала лагерьге демалуға жіберілді

16 мамыр 2024 10:00 / Новости Казахстана

Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың 146 баласы оқу-сауықтыру лагерінде демалып жүр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жылыой аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжансара Қалиқызының айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі мектеп жасындағы балалардың «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде демалуына қолдау көрсеткен, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Жылыой ауданынан 4 мамырда 146 оқушы демалыс лагеріне жіберілді. Олар 20 күн демалады. Қазір оқушылар Түркістан, Балқаш, Щучинск қалаларында және Бурабайда әрі демалып, әрі оқуын жалғастырып жүр. Маусым айында тағы 35 оқушыны аталған демалыс орнына жіберу жоспарланып отыр», - деді Гүлжансара Қалиқызы.

Оның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен және эвакуацияланған отбасылардың балаларын оқу-сауықтыру, демалу лагеріне жіберу жалғасын табады.

 

Серіктес жаңалықтары