Құстың 1430 түрінің жойылып кетуіне адам себепкер
Адамдардың мұз дәуірінен кейін ұлы қоныс аударуы көптеген аң-құстың жойылып кетуіне әкеп соқты. Әсіресе аралдар мен архипелагтарда олар қатты зардап шекті, мысалы, Азор, Гавай, Тонга және Үнді мұхиты (Маврики, Мадагаскар, Сейшель, т.б.).Ең ауыр зардап шеккен топтың бірі — құс фаунасы, - деп хабарлайды Arbat.media.
Олар қазір де жойылып жатыр. Құстар тіршілік ететін ормандарды кесу, егіншілік және басқа факторлар соған әкелді.
“Бұны елемеу, құстардың жойылу қарқыны туралы түсінігіміздің болмауы дұрыс емес”- дейді Ұлыбританияның Экология және Гидрология Орталығының (UKCEH) ғалымдары.
Зерттеулерге сәйкес, әрбір сегізінші құс адам әрекетінен жойылып кеткен.
Нақтырақ айтсақ, плейстоцен дәуірінен бері құстардың 640 түрі жойылған. Олардың ішінде додо, үлкен ала бүркіт (Pinguinus impennis) бар. Сосын әлі толық зерттелмеген 790 құс бар, барлығы — 1430 түр.
Құстар табиғатта өте маңызды рөл атқарады.
Олар жойылса, өсімдіктер мен кейбір жануарлар да жойылады.
Қазіргі уақытта құстар ауаның ластануы, ауыл шаруашылығы және жаһандық жылыну сияқты басқа да техногендік қауіптерге тап болды.
Біз алдағы 100 жылда тағы 700 түрді жоғалтуымыз мүмкін.
”Құстар бұдан былай да жойылып кете ме, жоқ па, ол адам әрекетіне байланысты. Сондықтан құстарды қорғау жұмыстарын күшейтуіміз керек", - дейді орнитологтар.
(Мақала Nature Communications журналында жарияланды).Қазақстанда 600-дей құс түрі бар. Оның 50 шақтысы Қызыл кітапқа кіргізілген, қорғауға мұқтаж.