Құтқарушылар жылан шаққан жасөспірімге жедел көмек көрсетті

7 шілде 2026 11:30 / Новости Казахстана

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында кезекшілік атқарып жүрген жедел-құтқару жасағы жылан шаққан 16 жастағы қызға көмек көрсеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан кейін қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазір жыландардың белсенді болатын кезеңі. Сондықтан ТЖМ ескертеді:

Табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын сақтап, демалыс орнын мұқият тексеру қажет. Белгіленген соқпақтарға шықпаған жөн.

Жыландардан алыс жүрген абзал және оны ұстауға болмайды.

Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз және 112 нөміріне хабарласыңыз.

Серіктес жаңалықтары